02.07.2009, 10:30 1274

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі болжануда - ТЖМ

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі болжануда - ТЖМ

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі болжануда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "2 шілдеде сібір циклонымен байланысты атмосфералық фронталдық бөліністер Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райының тұрақсыздануына, жаңбырлар мен екпінді желдердің шығуына әкеп соғады. Тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ғана жаңбырсыз күн райы сақталады".

"Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде. Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде солтүстік батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 - 20 метрге жетіп, шаңды боран қосылады. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде кей жерлерде 5 класқа дейінгі өрт қаупі күтілуде", - деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны