10.05.2012, 15:48 3021

Қазақстанның батысында қатты ыстық болып, шығысында күн суытады деп болжануда

"11 мамыр түні Шығыс Қазақстан облысында 0-5ИС аралығында күн суық болады деп күтіліп отыр. 11-13 мамыр күндері 30-35ИС, ал кейбір аймақтарында 38И-қа дейін ыстық болады деп болжануда", - делінген синоптиктер хабарламасында.

Астана. 10-мамыр. Kazakhstan Today - Алдағы түні Шығыс Қазақстан облысында -5 градус суық болады деп болжануда. Ал, батыс өңірде сынап бағынасы +38 дейін көтеріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"11 мамыр түні Шығыс Қазақстан облысында 0-5ИС аралығында күн суық болады деп күтіліп отыр. 11-13 мамыр күндері 30-35ИС, ал кейбір аймақтарында 38И-қа дейін ыстық болады деп болжануда", - делінген синоптиктер хабарламасында.

11-13 мамыр күндізгі уақытта Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 35ИС аптап ыстық болуы ықтимал.

Алдағы тәуліктер ішінде, Қазгидромет хабарлағандай, Қазақстанның басым бөлігінде антициклон ықпалындағы күн ашық, әрі жылы болады. Еліміздің орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жел тұрады. Батыс өңірдің жекелеген аудандарында ауа райы ыстық болмақ.

Жамбыл облысының кей аймақтарында 15-20 с/м жел тұрады, оның екіпіні 25 с/м болмақ, ал жекелеген аудандарда шаңды боран күтілуде.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел екпіні секөндіне 15-22 метр болу ықтимал.

Қызылорда облысының жер жерінде шаңды дауыл, 15-20 с/м жел тұрады деп болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертеңгі уақытта тұман болжануда..

Оңтүстік және батыс аймақтың бірқатар өңірлерінде жоғары өрт қаупі күтілуде деп ескертеді Қазгидромет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны