16.10.2012, 16:03 3284

Қазақстанның бес облысында әлеуметтік нан бағасы қымбаттаған

Қазақстанның бірқатар аймақтары ұн мен нан бағасын ұстап тұру міндетін орындамайды, дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман.

Астана. 16-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның бес облысында әлеуметтік нан бағасы қымбаттаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның бірқатар аймақтары ұн мен нан бағасын ұстап тұру міндетін орындамайды, дейді Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аман.

"Шара қабылдау нітижесінде республиканы ңбарлық аймақтарында ұн тартатын кәсіпорындарға жіберілетін ұн бағасын меморандумда бекітілген деңгейде сақтап қалу мүмкін болды, яғни Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 44 теңгеден Алматыда 65 теңгеге дейін. Тамыз-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша Атырау облысының кәсіпорындары бөлінген азық-түлік бидайдың тек 21 пайызын, Маңғыстау 55 пайызын, Жамбыл облысы 80 пайызын таңдап алған", - деп ол бүгін Астанада үкімет отырысында атап көрсетті.

Бірқатар аймақтарда операторлар алған және өңдеген астықтан бірінші сұрыпты ұн алу 70 пайыз орнына 24 пайыздан 58 пайызға дейінгі мөлшерді құрайды.

"Қазагромаркетинг" АҚ мәліметі бойынша, бірінші сұрыпты нанның бөлшек бағасы 39-дан 58 теңгеге дейін шаманы құрайды. Меморандумда белгіленген мөлшермен салыстырғанда бөлшек баға деңгейі Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 3 теңгеге, Шығыс Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарында 2 теңгеге артқаны байқалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны