06.06.2008, 18:27 3381

Қазақстанның білім министрі еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі қажеттігін мәлімдеді

Қазақстанның білім министрі еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі қажеттігін мәлімдеді

Алматы. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев еліміздің әлемдік білім беру кеңістігіне енуі қажеттігін мәлімдеді. Бұл туралы министр бүгін оқудың кредиттік технологиясын енгізу, еліміздің білім беру жүйесін жақсарту мәселелері бойынша Алматыда өткен халықаралық семинарда мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Семинардың басты тақырыбы - Орталық Азияда біртұтас білім беру кеңістігін құру және әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу.

Кездесу қорытындысы бойынша Орталық Азия мен еліміздің университеттерінің меморандумына қол қойылды. Қазақстанның 28 университеті, Тәжікстан мен Қырғызстанның 3 ЖОО меморандумға қол қоюға қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны