06.05.2011, 10:15 3164

Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа райы күрт суытады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Қазгидромет" алдағы тәуліктерде республиканың бірқатар аймағында ауа температурасы күрт төмендейтіндігін ескертеді.

Астана. 6 - мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа райы күрт суытады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Қазгидромет" алдағы тәуліктерде республиканың бірқатар аймағында ауа температурасы күрт төмендейтіндігін ескертеді.

"6-9 мамыр күндері түнде Астана, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында ауа температурасы 0-3 градусқа дейін суытады", - делінген таратылған хабарламада.

Гидрометеорологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы күні күтіліп отырған нөсерлі жауындарға байланысты Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтеріліп, жекелеген өзендерде еріген қар мен жаңбыр суының салдарынан тасқын болуы мүмкін.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны