27.01.2010, 10:08 1773

Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты күре жолдар жабылды

Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты күре жолдар жабылды

Астана. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты күре жолдар жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күн райының күрт суытуына байланысты бүгін таңертең Ақмола облысы мен Астана қаласынан шығатын барлық бағыттар бойынша қоғамдық және дизельді көліктер үшін тас жолдарда қозғалыс шектелді.

Көктайғақ және бұрқасынның болуы салдарынан 25-қаңтарда Алматы облысында көліктің барлық түрлері үшін "Үшарал-Достық" автожолы жабылса, Шығыс Қазақстан облысында күшті боранның болуы себепті республикалық маңыздағы "Таскескен-Бақты" (126-187 шақырым аралығында), "Омбы-Майқапшағай" (910-1002) және облыстық маңыздағы "Күршім-Қалжыр-Ақбұлақ-Қарой-Аршалы" тас жолы кешеден бері жабық.

Сондай-ақ осы күні Маңғыстау облысында "Ақтау-Жетібай" күре жолында, ал Павлодар облысында барлық бағыттар бойынша қозғалыстарға тыйым салынған болатын. Солтүстік Қазақстан облысында бүгінгі сағат 02.00-ден бастап күннің күрт суытуына байланысты барлық бағыттардағы жолдарда жолаушылар тасымалдайтын көліктер мен дизельді көліктер үшін қозғалыс жабылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны