27.01.2012, 09:54 3455

Қазақстанның бірқатар аймақтарында қатты аяз сақталады

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түседі. Жамбыл облысында түнде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, тұман.

Астана. 27-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның бірқатар аймақтарында қатты аяз сақталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК болжамына сүйенсек, 27-қаңтар күні ел аумағының басым бөлігінде ауа-райы құбылмалы болады.

Атап айтқанда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түседі. Жамбыл облысында түнде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, тұман.

Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші секундына 15-22 метрге жетіп, жаяу бұрқасын жүреді. Атырау облысының кей жерлерін тұман басады. Маңғыстауда күндіз көктайғақ, Батыс Қазақстан облысында желдің қуаты секундына 15-20 метрге жетпек.

Синоптиктердің болжамынша, Алматы және Маңғыстау облыстарында қатты аяз сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны