06.10.2011, 13:19 4237

Қазақстанның бірқатар аймақтарында күн суытады деп күтілуде

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күшті жел тұрып, жаңбыр жауады.

Алматы. 6-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның бірқатар аймақтарында күн суытады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің Қазгидрометке сілтеме жасай отырып хабарлауынша, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күшті жел тұрып, жаңбыр жауады.

Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, түнде Жамбыл, ал күндіз Атырау, Қостанай облыстарында секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады деп болжануда.

Шығыс Қазақстан облысында желдің күші секундына 18-23 метр, кейде секундына 28 метр жылдамдыққа жетеді.

Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғып, кейбір жерде түнде және таңертең тұман түседі.

Бұрын хабарлағанымыздай, 6-8 қазан күндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл облыстарында, 7-8 қазан күндері түнде Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы 0-3 градусқа дейін төмендейді. 6-8 қазан күндері түнде Қарағанды облысында күн 0-5 градусқа дейін суытады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны