15.02.2013, 12:07 3184

Қазақстанның бірқатар аймақтарында тұман, желдің күшеюі және бұрқасын күтілуде

Ертең Қазақстанның көптеген аумағына антициклон ықпал етіп, онымен бірге жауын-шашынсыз күн райы күтілуде, кейбір жерлерде тұман түсіп, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Астана. 15-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның бірқатар аймақтарында тұман, желдің күшеюі және бұрқасын күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ертең Қазақстанның көптеген аумағына антициклон ықпал етіп, онымен бірге жауын-шашынсыз күн райы күтілуде, кейбір жерлерде тұман түсіп, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Тек солтүстік-шығыс өңірлер ғана атмосфералық ағындардың ықпалына түсіп, кейбір жерлерде қар жауады, жел тұрып, бұрқасындатады. Алматы, Ақмола облыстарының кейбір жерлерінде түнде тұман түсуі ықтимал. Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде желдің күші 15-23 м/с дейін жетеді. Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсіп, желдің 15-22 м/с дейін күшеюі ықтимал. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасын, желдің 15-22 м/с дейін жетуі күтілуде.

Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік-шығыс және шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейлерінің ауытқуы мүмкін. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны