14.01.2013, 10:12 3004

Қазақстанның бірқатар облысында боран соғады

"Қазгидромет" мәліметтері бойынша Қарағанды, Павлодар, Атырау облыстарында дауылдық ескерту жарияланды. Бүгін күндіз Астана, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Семей, Павлодар, Жезқазған және Өскемен қалаларында боран соғады.

Астана. 14-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның бірқатар облысында боран соғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" мәліметтері бойынша Қарағанды, Павлодар, Атырау облыстарында дауылдық ескерту жарияланды. Бүгін күндіз Астана, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Семей, Павлодар, Жезқазған және Өскемен қалаларында боран соғады.

Түнде және таңертең Көкшетауда қар жауады, боран соғады, күндіз жел күші 18 м/с жетеді.

Сондай-ақ, Семей және Өскемен қалаларында жел 15 м/с жетеді, қар жауады, ауа температурасы күндіз -10...-12, түнде -23...-25.

Астанада ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде қар жауады, боран соғады, жел күші 15 м/с жетеді. Павлодарда оңтүстік-батыстан соққан жел күші 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы күндіз -6...-8, түнде -21...-23.

Алматыда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз, ауа температурасы 0 градус, түнде -7...-9.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны