20.04.2010, 12:28 1674

Қазақстанның бірқатар облыстарында жел күшейеді - ТЖМ

Қазақстанның бірқатар облыстарында жел күшейеді - ТЖМ

Астана. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның бірқатар облыстарында жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазгидрометтің" болжауынша, бүгін, 20-сәуірде республиканың басым аймағы антициклонның ықпалында болады, ал солтүстік-батыс аумақтарға атмосфералық ағымдар әсер етеді.

"Мәселен, Ақмола, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды боран тұрып, секундына 15-20 метрге дейінгі жылдамдықта жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей өңірлерін тұман басып, секундына 15-20 метр жел соғады деп болжануда",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны