18.09.2009, 09:22 1427

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде минус 5 градусқа дейін қатқақ болады - ТЖМ

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде минус 5 градусқа дейін қатқақ болады - ТЖМ

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның бірқатар өңірлерінде минус 5 градусқа дейін қатқақ болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, " республика аумағының басым бөлігінде күн райын ауқымды антициклон қалыптастырады. Тек түнде ғана шығыста және оңтүстік-шығыста, күндіз батыста атмосфералық фронталды бөліністердің ықпалы сезіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге жетеді".

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, "Қостанай облысында кей жерлерде түнде тұман түседі, 0 - минус 2 градусқа дейін қатқақ болады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде 0 - минус 5 градусқа дейін қатқақ болады, кей жерлерде түнде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге жетеді, түнде 0 - минус 3 градусқа дейін қатқақ болады".

Республиканың оңтүстігінде 5 класс бойынша өрт қауіпсіздігі сақталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны