11.04.2016, 14:39 3736

Қазақстанныӊ бірқатар өӊірлерінде су тасқынына байланысты төтенше жағдай режімі енгізілді - В.Беккер

Қазақстанныӊ бірқатар өӊірлерінде су тасқынына байланысты төтенше жағдай режімі енгізілген, деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетініӊ төрағасы Владимир Беккер

Астана. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ бірқатар өӊірлерінде су тасқынына байланысты төтенше жағдай режімі енгізілген, деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетініӊ төрағасы Владимир Беккер, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазіргі уақытта Ақмола облысыныӊ Атбасар ауданында, Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысыныӊ 8 ауданында төтенше жағдайлар режімі енгізілген. Ахуал біртіндеп тұрақталып келеді. Елді мекендерден су қайтуда. Өзендердегі су деӊгейі де біршама төмендеп қалды", - деді ол ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Дегенмен, оныӊ айтуынша, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарындағы өзендердіӊ тасу қаупі барынша жоғары болып отыр.

"Шығыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысыныӊ солтүстік аудандарында су тасқыныныӊ белсенді кезеӊі басталады деп күтілуде. Барлық өӊірлердегі жағдай жіті бақылауда тұр", - деп баса айтты Комитет басшысы.

Ол сондай-ақ, ауа райы мәліметтерін ескере отырып, Ішкі істер министрлігініӊ Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы құтқарушылар топтарын жедел құтқару бөлімшелері, өрт сөндіру қызметі және апаттық құтқару жұмыстары есебінен күшейтілгенін айтып өтті.

"Бүгінгі күні су басқан 535 үйдіӊ 421-інен су сорылып алынды, төтенше жағдай аумағынан дер уақытында 969 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 17 адам құтқарылды. Қазіргі уақытта 504 адам өз үйлеріне оралды, 437-сі туған-туыстарыныӊ үйлеріне, ал 28-і эвакуация бекеттеріне орналастырылды", - деді Комитет төрағасы.

Жалпы, су тасқыны қаупі туындаған сәттен бері 2488 ірі қара мен ұсақ мал қауіпсіз жерге көшірілсе, бүгінгі күні олардыӊ 1500 басы иелеріне қайта жеткізілді.

"Бүгінгі күні төтенше жағдайлар аумағында 36 мыӊнан астам уақытша бөгет тұрғызылып, 145 мыӊнан астам қап инертті материал төселді, 1 млн текше метрден астам тасқын су айдалды. Су тасқынымен күрес жұмыстарына 4127 адам, 1140 техника, 259 су сорғыш құрылғы, 41 қайық жұмылдырылған. Оныӊ ішінде, ІІМ бөлімшелерінен 1455 адам, 303 техника бірлігі, 110 су сорғыш құрылғы, 35 қайық", - деді В.Беккер.

Ол сондай-ақ, халыққа психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында "жедел желі" ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны