08.09.2009, 10:07 1540

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жел күшейеді деп күтілуде

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жел күшейеді деп күтілуде

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның бірқатар өңірлерінде бүгін жел күшейеді деп күтілуде, оның жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге жетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның шығыс бөлігі атмосфералық фронталдық бөліністердің ықпалында болады. Республиканың басқа бөлігіндегі күн райын антициклон қалыптастырады", - делінген ТЖМ хабарламасында.

"Жамбыл, Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге жетеді. Түнде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны