25.10.2016, 15:14 3656

Қазақстанныӊ бірнеше аймағында 2017 жылғы Универсиадаға 100 күн қалуына орай таӊғы жаттығулар өтті

Алматыдағы №117 орта мектебінде ұйымдастырылған таӊғы жаттығуға Рио-де-Жанейро Олимпиадасыныӊ қола жүлдегері Дариға Шәкімова қатысып, оқушыларға мастер-класс өткізді.

Астана. 25 қазан. KazakhstanToday - Бүгін Қазақстанныӊ бірнеше аймағында 2017 жылғы Универсиаданыӊ басталуына 100 күн қалуына орай, оқу ордаларында танымал спортшылардыӊ қатысуымен таӊғы жаттығулар өтті, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Хабарламаға сәйкес, Алматыдағы №117 орта мектебінде ұйымдастырылған таӊғы жаттығуға Рио-де-Жанейро Олимпиадасыныӊ қола жүлдегері Дариға Шәкімова қатысып, оқушыларға мастер-класс өткізді.

"Біз спортшылар болған соӊ, салауатты өмір салтын насихаттаймыз. Универсиаданы қолдау мақсатында, мектептерде осындай дәрістер өткізуді бастадық. Мұндай шаралар балалардыӊ спортқа ден қоюуына септігін тигізеді. Мен Универсиаданыӊ елшісімін. Осындай мәртебеге ие болғаныма қуаныштымын, және қолымнан келгенімді аямаймын. Біздіӊ Универсиадаға қатысатын спортшылар ел намысын абыроймен қорғайтынына сенімдімін. Өйткені, олар жарысқа жақсы дайындалып жүр",-деді Д.Шәкімова.

Дәл осындай таӊғы жаттығулар бүгін Ақтау, Атырау, Орал, Тараз, Көкшетау, Астана қалаларында да өткізілді. Мәселен, Оралда өткен таӊғы жаттығуға 1200 студент қатысқан. Жиналған қауымға Рио-де-Жанейро Олимпиадасыныӊ қола жүлдегері, палуан Екатерина Ларионова мен гір спортынан әлем чемпионаттарыныӊ жүлдегері Сағидолла Қайбалиев шеберлік көрсетті.

Ал, Таразда өткен таӊғы жаттығуларға бірнеше танымал спортшылар қатысқан. Олардыӊ арасында Илем чемпионаттары мен Азия біріншілігініӊ жүлдегерлері мен Олимпиада ойындарына қатысушылар бар.

"Таразда үш бірдей оқу орындарында 2017 жылғы Универсиадаға 100 күн қалуына орай таӊғы жаттығулар өткізілді. Оған барлығы танымал 14 спортшымыз атсалысты. Олардыӊ арасында, 2011 жылғы бокстан Илем чемпионатыныӊ қола жүлдегері Ғани Жайлауов, Азия чемпионы Олжас Сәттібаев, жеӊіл атлетикадан 2015 жылғы жазғы Универсиаданыӊ жеӊімпазы Светлана Голендовалар болды",-деп хабарлады Жамбыл облыстық спорт басқармасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны