18.05.2010, 10:15 1575

Қазақстанның бірнеше облысында жел күшейеді деп күтілуде - ТЖМ

Қазақстанның бірнеше облысында жел күшейеді деп күтілуде - ТЖМ

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның бірнеше облысында жел күшейеді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның шығыс бөлігі атмосфералық фронталдық бөліністердің ықпалында болады, соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, желдің екпіні күшейеді. Қазақстанның батыс аудандары мен солтүстігіне антициклон әсер етеді. Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 - 22 метрге дейін күшейеді. Маңғыстау облысында түнде және күндіз жағалауға тұман түседі", - делінген ТЖМ хабарламасында.

"Таяудағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында су деңгейі ауытқиды. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасына келетін су деңгейі төмендейді. Сырдария өзенінде Шардарадан төмен Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысының оңтүстігі аясында Шардара су қоймасынан тасталған су көлемінің ұлғаюына байланысты су деңгейі көтеріледі", - деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны