03.05.2012, 15:48 3249

Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел бірқатар нысанның шатырын ұшырып әкетті

Қармақшы ауданы, Төретам кентіндегі үш қабатты № 85 мектеп шатырының 350 шаршы метр аумағы, аудандық аурухана шатырының 500 шаршы метр аумағы көкке ұшты. Сондай-ақ Жалағаш ауданындағы Шәменов елді мекенінде № 34 мектептің үш қабатты ғимаратының 551 шаршы метр шатыры, Таң елді мекенінде № 118 мектептің үш қабатты ғимаратының 100 шаршы метр, Қазалы ауданы Ийтеке би кентінде үш қабатты № 249 мектеп ғимаратының 120 шаршы метр шатыры ұшырылды. Жел сондай-ақ Қызылорда қаласында Абай даңғылында орналасқан бір қабатты "Каспий банкі" ғимаратының, Тасбөгет кентіндегі - мектеп пен Оқушылар сарайының, Қызылордадағы қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысының шатырларын ұшырып әкетті.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - Сәрсенбі күні кешке Қызылорда облысында 15-20 м/с жылдамдықпен соққан құйынды желдің салдарынан бірнеше нысанның шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қармақшы ауданы, Төретам кентіндегі үш қабатты № 85 мектеп шатырының 350 шаршы метр аумағы, аудандық аурухана шатырының 500 шаршы метр аумағы көкке ұшты. Сондай-ақ Жалағаш ауданындағы Шәменов елді мекенінде № 34 мектептің үш қабатты ғимаратының 551 шаршы метр шатыры, Таң елді мекенінде № 118 мектептің үш қабатты ғимаратының 100 шаршы метр, Қазалы ауданы Ийтеке би кентінде үш қабатты № 249 мектеп ғимаратының 120 шаршы метр шатыры ұшырылды. Жел сондай-ақ Қызылорда қаласында Абай даңғылында орналасқан бір қабатты "Каспий банкі" ғимаратының, Тасбөгет кентіндегі - мектеп пен Оқушылар сарайының, Қызылордадағы қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысының шатырларын ұшырып әкетті.

"Каспий банк" ғимаратының аумағында 33 жастағы ер адам басына жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. ТЖ салдарын жою жұмыстарына Қазалы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің 2 адамы мен 1 техникасы, Қармақшы аудандық ТЖБ-нің 3 адамы мен 1 техникасы, Жалағаш аудандық ТЖБ-нің 3 адамы мен 1 техникасы, Қызылорда қалалық ТЖБ-нің 5 адамы мен 2 техникасы, ҚР ТЖМ-нің "Оңтүстік аэромобильді жедел-құтқару жасағы" ММ-нің 15 адамы мен 3 техникасы, жарық жөндеу бригадаларының 3 техникасы жұмылдырылды.

Бұдан басқа, кеше кешке Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында қатты желдің салдарынан Қазынашылық ғимарат шатырының 300 шаршы метр аумағы жұлынып, электр тарату желілері бүлінді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Электр тарату желісіндегі апат екі сағаттан кейін жойылды.

Сондай-ақ, сәрсенбі күні Атырауда кей жерлерде секундына 25 метр жылдамдыққа дейін ұйытқи соққан жел ағаштарды құлатып, электр тарату желілерін бүлдірді. "Қазақстан-Атырау" Республикалық телерадио кешені АҚ-ның, Атырау облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының № 9 тергеу абақтысы ғимараттарының шатырларын ұшырып әкетті. ТЖ салдарын жою жұмыстарына облыстық ТЖД-нің 2 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ-нің "Батыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы" ММ-нің 8 адамы мен 2 техникасы, "Атырау-Жарық" АҚ электр мамандарының жөндеу бригадалары қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны