14.12.2009, 18:00 2931

Қазақстанның дипломатиялық миссиясы Бангкокта ұсталған Қазақстан азаматтарының мүддесіне сай іс-әрекеттер жасауда

Қазақстанның дипломатиялық миссиясы Бангкокта ұсталған Қазақстан азаматтарының мүддесіне сай іс-әрекеттер жасауда

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанның дипломатиялық миссиясы 12 желтоқсанда Таиланд астанасы Бангкокта ұсталған Қазақстан азаматтарының мүддесіне сай іс-әрекеттер жасауда. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазір Қазақстанның дипломатиялық миссиясы Бангкокта ұсталған Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатындағы іс-қимылдарды тай жағымен бірлесе жүзеге асыруда",- деді І. Омаров.

"Таиланд еліндегі дипломатиялық миссия мен Қазақстанның арнаулы органдарының ақпаратына сәйкес, Бангкок қаласында ұсталған Ил-76 ұшағы Грузияда Air West Georgia Ltd компаниясының атына тіркелген. Оны жаңазеландиялық SP Trading Ltd компаниясы жүк тасымалдау үшін жалға алған", - деді ҚР СІМ өкілі.

"Ұшақ экипажындағы Қазақстанның төрт азаматы мен бір Беларусь азаматын Air West Georgia Ltd компаниясы жұмысқа жалдаған, бұл халықаралық нормаларға сәйкес келеді", - деді ол.

І. Омаровтың айтуынша, "айыптау туралы сөз қозғау әзірге ерте". Оның хабарлауынша, сондай-ақ, "экипаж мүшелері ұшақ бортында қару-жарақ болғанын білмедік деп айтып отыр".

Журналистер сауалына жауап берген Омаровтың айтуынша, ҚР СІМ өз азаматтарының мүддесін қолдау үшін шұғыл шаралар қабылдауға дайын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны