04.04.2008, 11:47 4932

Қазақстанның "Достық" каналы арқылы алып отырған су көлемі ұлғайтылуы керек - ОҚО әкімдігі

Қазақстанның "Достық" каналы арқылы алып отырған су көлемі ұлғайтылуы керек - ОҚО әкімдігі

Шымкент. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті билігі Мақтаарал ауданын сумен қамтамасыз ету жағдайына байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыс әкімі Нұрғали Ишімовтың Қазақстан Республикасының премьер-министрі мен ауыл шаруашылық министрінің атына жолданған хатына сілтеме жасай отырып.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында мақта себуге дайындық жүргізу бойынша өте шиеленіскен жағдай қалыптасқан. Пайдаланылуы тиіс 136 мың гектардан тек 34 мың 200 гектары ғана суғарылған. "Өтініш жолданған 120 м /сек орынына күн сайын "Достық" каналы арқылы 60 - 65 м /сек су келеді. Мақтаарал ауданының суармалы жері алдын-ала суарып алмастан егіске дайындық жасай алмайды. Бұл жағдайдың шиеленісуіне және халық арасында наразылықтың тууына әкеліп отыр", - деп хабарлайды облыс әкімі.

Хатта "Достық" каналында ағатын судың бір жылдық шегі үкіметаралық келісімдерге сәйкес Қазақстан үшін 1 048 млн м , ал өсімдік өсетін мезгілде 800 млн м екені көрсетілген. 2 сәурдегі жағдай бойынша іс жүзінде бар болғаны 77 мың м су алынған. Ал суармалы жерді суаруға қажетті мөлшер 350 млн м болған.

"Туындаған дағдарыстық жағдайдан шығатын жалғыз жол Мақтаарал ауданындағы суаратын су жетіспеушілігінің орынын толтыру үшін суару кезеңінде 2008 жылдың жылдық лимиті есебінен "Достық" каналынан алынатын су көлемін ұлғайту болып табылады. Қазақстан үшін "Достық" каналының шығынын 100 - 120 м /сек-қа, сондай-ақ, Қайраққұм су қоймасынан ағып шығатын су көлемін 450 - 500 м /сек-қа дейін жеткізу қажет", - деп көрсетілген хат мәтінінде.

Туындаған қолайсыз жағдайларға байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі су ресурстарымен қамтамасыз етудің шиеленіскен жағдайын ескере отырып үкіметтен жәрдем және көмек сұрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны