13.09.2011, 10:45 2151

Қазақстанның екі облысында аяз болады деп күтілуде

Cиноптиктер алдағы 2 тәулікте Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарының бірнеше ауданында түнгі уақытта аяз түседі деп болжайды.

Алматы. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның екі облысында аяз болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, синоптиктер алдағы 2 тәулікте Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарының бірнеше ауданында түнгі уақытта аяз түседі деп болжайды.

"13 және 14 қырқүйек күндері түнде Павлодар облысында: Железин, Успен, Щербақты, Қарыш аудандарында және Шығыс Қазақстан облысында : Өскемен, Семей қалаларында, Бородулиха, Бесқарағай, Шемонаиха, Глубоков, Ұлан, Зыряновск, Қатон-Қарағай, Күршім аудандарында 0 минус 3 градус аяз болады", - делінген ҚР ТЖМ таратқан ескертуде.

Сондай-ақ, сейсенбі күні Қазақстанның батысындағы ауа райын циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттар қалыптастырады, осы себепті жел тұрып, күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сейсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашынсыз, Оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/сек жылдамдықпен жел тұрады, ауа температурасы +24+26ИС.

Алматыда аздап бұлт шығады, жаңбыр жаумайды, 0-5 метр/секжел еседі, ауа температурасы+29+31ИС.

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның солтүстігінде күн жаңбырлы. Солтүстік Қазақстан облысында күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, ауа температурасы +18+23. Ақмола облысында күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады, 15-23 метр/сек жел соғады, ауа температурасы +23+28ИС. Қостанай облысында аздап жаңбыр жауады, кей жерлерде 15-23 метр/сек жел тұрады, ауа температурасы +20+25ИС. Павлодар облысында күн ашық, ауа температурасы +15+20ИС.

Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, 15-20 метр/сек жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы +21+26ИС. Шығыс Қазақстан облысында 15-23 метр/сек жел тұрып, құмды дауыл соғады, ауа температурасы +17+22ИС.

Республиканың оңтүстік өңірлерінде күн ашық: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы сәйкесінше +28+33, +29+34, +30+35. Қызылорда облысында аздап жаңбыр жауып, ауа температурасы +25+30ИС.

Қазақстанның батыс облыстарында жауын-шашынды: Маңғыстау және Атырау облыстарында күн күркіреп, аздап жаңбыр жауады, 15-23 метр/сек жел тұрып, құмды дауыл соғады, ауа температурасы +22+27 және +18+23. Ақтөбе облысында аздап жаңбыр жауады, кей жерлерде жел тұрады, ауа температурасы +19+24. Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жаумайды, 15-23 метр/сек жел тұрады, ауа температурасы +15+20ИС.

Метеоқызметтің хабарлауынша, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында өрт туындау қаупі жоғары болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны