17.11.2010, 14:49 3496

Қазақстанның екі облысында мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде жүргізілетін байқау ережесі өзгертілді

Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде жүргізілетін ереже өзгертілді. Бұл туралы бүгін ҚР парламентінің мәжілісінде өткен жалпы отырыс барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Или Көмекбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 17 - қараша. Kazakhstan Today - Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде жүргізілетін ереже өзгертілді. Бұл туралы бүгін ҚР парламентінің мәжілісінде өткен жалпы отырыс барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Или Көмекбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз қазір Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарында екі пилоттық жобаны жүзеге асырудамыз. Біз байқау жүргізу ережелерін түбегейлі өзгертудеміз",- деп хабарлады И. Көмекбаев.

"Бұл алты айлық пилоттық жоба мерзімі аяқталғаннан кейін өз нәтижесін көрсетеді. Біз сіздерге желтоқсан айында жобаны жүзеге асырудың нәтижелері туралы баяндай алатын боламыз, деп ойлаймын",- деді агенттік төрағасының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны