27.04.2010, 12:42 1674

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ұтымды төраға болу қабілеті Қырғызстандағы сәуір оқиғалары кезінде айқын байқалды - Назарбаева

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ұтымды төраға болу қабілеті Қырғызстандағы сәуір оқиғалары кезінде айқын байқалды - Назарбаева

Алматы. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ұтымды төраға болу қабілеті Қырғызстандағы сәуір оқиғалары кезінде айқын байқалды. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан IХ Еуразиялық медиа форумда форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстандықтар ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуді зор жауапкершілік әрі ерен еңбек деп біледі. Еліміздің осы ұйымға ұтымды төраға болу қабілеті Қырғызстандағы сәуір оқиғалары кезінде айқын байқалды. Көп жағдайда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен күш-жігері арқасында, қазақстандық дипломатияның белсенді әрекетінің нәтижесінде кең ауқымды азаматтық қақтығыстың өршуі қаупіне жол берілмеді. Бұл текетірестің салдары Қырғызстаның өзі үшін де, күллі Орталық Азия өңірі үшін де аса ауыр болуы мүмкін еді", деді Д.Назарбаева.

"Ийтсе де тоқмейілсуге әлі ерте. Мемлекеттілігі бүгін де қатаң сынға сынға түсіп жатқан Қырғызстанның ахуалы әлі де күрделі, тұрақты назар аударуды талап етеді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны