12.12.2012, 14:53 3440

Қазақстанның ең үздік редакторы мен журналисі анықталды

Марапат ҚР Тәуелсіздігі күні мен Бас редакторлар клубының 5-жылдығына орай ұйымдастырылған "Қазақстанның барлық Бұқаралық ақпарат құралдары" атты бүгінгі көрмеде табыс етілді.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Бас редакторлар клубы Қазақстанның ең үздік редакторы мен журналисін марапаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Марапат ҚР Тәуелсіздігі күні мен Бас редакторлар клубының 5-жылдығына орай ұйымдастырылған "Қазақстанның барлық Бұқаралық ақпарат құралдары" атты бүгінгі көрмеде табыс етілді.

Сонымен, "Иділет БАҚ МЕДИА" басылымының бас редакторы Қуанышбек Ботабеков Қазақстанның үздік редакторы атанды.

Ал "Қазақстанның ең үздік журналисі" номинациясы бойынша "7-ші арнаның" тілшісі Мирас Мұқашев пен "Қазақстан ұлттық арнасының" тілшісі Берік Көшербаев үздік деп танылды.

Сондай-ақ "Еуразияның алтын қаламы" атты номинация бойынша шет елдерде жүріп Қазақстан жайлы қалам тартқан журналистер - "Жихан" агенттігінің өкілі Йылдыз Доған мен "Рейтер" агенттігінің қызметкері Дмитрий Соловьев марапатқа ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Тәуелсіздік мерекесі мен "Бас редакторлар клубының" 5-жылдығына орай "Қазақстанның барлық бұқаралық ақпарат құралдары" атты көрме басталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны