01.02.2008, 19:10 3179

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек көрсету жүйесін модернизацияламақ

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек көрсету жүйесін модернизацияламақ

Астана. 1-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік көмек көрсету жүйесін модернизацияламақ. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорқау министрлігінің алқа отырысында мекеме басшысы Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Кедейшілік пен теңсіздікті төмендету саласында халықтың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне әлеуметтік көмек көрсету және қолдау жүйесін модернизациялау керек",- деп атап өтті министр.

"Біздің қабылдап отырған шараларымызға қарамастан кедейшіліктің әлі де сақталып отырғандығы бізді алаңдатпай қоймайды",- деп атап өтті Б. Сапарбаев. Яғни, үстіміздегі жылдың 1-қаңтарындағы жағдайға сәйкес еліміздегі халық кірісі ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, ал 1,5 пайызы кедейшілік деңгейінен төмен. Сонымен қатар, министрдің нақтылап өтуінше, атаулы әлеуметтік көмек алатын халықтың үлесі 1,4 пайызды құрайды. Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, 2002 - 2007 жылдары атаулы әлеуметтік көмек төлеуге барлығы 33,3 млрд теңге жұмсалған.

Министр сондай-ақ, елде нақты жұмыссыздар саны мен ресми тіркелгендердің арасындағы айтарлықтай айырмашылықтың сақталып отырғандығына да алаңдаушылық білдірді. "Жастардың, әйелдер мен оралмандардың арасында жұмыссыздар өте көп. Еңбек ресурсының ішкі резерві, атап айтқанда, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткендер, еңбек мигранттары, жұмыссыздар өндіріске тартылмаған",- деп атап көрсетті ол.

Сонымен қатар, Б. Сапарбаев: "аймақтарда экономика салаларының болжамдық кадрлерге қажеттілігін ғылыми негізделген тұрғыда анықтау, мамандарды, жұмыссыздарды оқыту және қайта даярлау, шетелдік жұмыс күшін тартуды реттеу және ішкі еңбек нарығын қорғау бойынша жұмыстар нашар жүргізіліп жатыр", - деді. "Шетелдік мамандарды жоғары біліктілікті қажет етпейтін және қазақстандық жұмысшылардың атқара алатын күрделі емес жұмыс түріне тарту тәжірибесі жалғасуда",- деп атап көрестті ол. "Өткен жылы жұмысқа тартылған 57,9 мың шетелдік жұмысшылардың 57 пайыздан астамы қарапайым кәсіби жұмысшылар. Бұл деген сөз жоғары білікті мамандарды іріктеуде зерделі талдамалық жұмыстардың болмауының куәсі",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны