15.01.2008, 18:19 3435

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ басқарма төрағасы болып Мақсат Қабашев сайланды

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ басқарма төрағасы болып Мақсат Қабашев сайланды

Астана. 15-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқарма отырысының шешімімен "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ басқарма төрағасы болып Мақсат Қабашев сайланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қазына" тұрақты даму қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. "Ол "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары және "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ директорлар кеңесін басқарған болатын", - деп көрсетілген "Қазына" тұрақты даму қорының хабарламасында.

"Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқарма отырысының шешімімен "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ басқарма төрағасы Зейнолла Кәкімжановтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", - деп көрсетілген құжатта.

Сонымен қатар, "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеген Ерлан Манатаев сайланды.

"Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, акционердің өкілі болып Қайрат Ийтекенов, сондай-ақ, директорлар кеңесінің мүшесі, акционер өкілі болып "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқарма директоры болып қызмет атқарған Ардақ Амангелдиев және Қабашев Мақсат сайланды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 2007 жылдың 3-желтоқсанында "Қазақстанның даму банкі" АҚ директорлар кеңесінің төрағалығына ауысуы себепті Мұқан Сағындықовтың "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары өкілеттігі тоқтатылды", - деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны