10.04.2012, 09:57 3526

Қазақстанның кардиохирургиялық қызметіне зерттеудің жоғары технологиялық әдістері енгізілуде

Қазақстанда кардиохирургия мен кардиологиядағы зерттеулердің жоғары технологиялық әдістері жоғары бағаға лайық, деді Pm.kz. сайтына берген арнайы сұхбатында Е.Н.Мешалкин атындағы Новосібір қан айналым потологиясын ғылыми-зерттеу институтындағы эндоваскулярлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Александр Осиев.

Астана. 10-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанның кардиохирургиялық қызметіне зерттеудің жоғары технологиялық әдістері енгізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда кардиохирургия мен кардиологиядағы зерттеулердің жоғары технологиялық әдістері жоғары бағаға лайық, деді Pm.kz. сайтына берген арнайы сұхбатында Е.Н.Мешалкин атындағы Новосібір қан айналым потологиясын ғылыми-зерттеу институтындағы эндоваскулярлы хирургия бөлімінің меңгерушісі Александр Осиев.

"Бүгінгі таңда Қазақстандағы клиникалар тиісті құралмен жабдықталған, сол сияқты дәрігерлер де тиісті мамандандырудан өтті. Технологияны тиісті деңгейінде ұстап отыру үшін мамандарды үнемі оқытудан өткізіп отыру керек", - деді Александр Осиев "Қазақстандық интервенциялық кардиологтар және рентгенхирургтар қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің І съезінің аясында.

"Мен Қазақстан кардиохирургтарымен арадағы ынтымақтастықты және клиникаларыңыздың жабдықталуын қазақстандық деңгейге сай деп бағалаймын", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны