28.01.2009, 16:51 2807

Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары федерациясының төрағасы республика үкіметі мен министрліктерде кәсіподақ ұйымдарын құруды ұсынды

Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары федерациясының төрағасы республика үкіметі мен министрліктерде кәсіподақ ұйымдарын құруды ұсынды

Астана. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның кәсіподақ ұйымдары федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев республика үкіметі мен министрліктерде кәсіподақ ұйымдарын құруды ұсынды. Ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа мәжілісінде осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен үкіметтің аппаратында, министрліктерде, облыстық әкімдіктерде кәсіподақ ұйымдарын құруды ұсынамын. Президент әкімшілігінде, мәжіліс аппаратында және кейбір облыстық әкімдіктердің аппаратында осындай бар", - деді С. Мұқашев.

Өз кезегінде Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов аталған кәсіподақ ұйымдары өз мүшелеріне дауажайларға жолдамалар бере ме деп сұрады. Оған С.Мұқашев "иә" деп жауап берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны