Система Orphus

Қазақстанның Каспий территориясында Ресейдің браконьерлері қолға түсті

21.04.2008, 15:35 2170

Астана. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Каспий территориясында "Бекіре" шұғыл алдын алу шараларын өткізу кезінде Ресейдің браконьерлері қолға түсірілді. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Өткен аптада Маңғыстау облысының ІІД су полициясының қызметкерлері мен балық инспекциясының инспекторлары бірлесе отырып "Ямаха-200" ілмелі қозғалтқышы бар қайығымен балық аулаған Ресей Федерациясының Логань қаласының төрт азаматын құрықтады", - деді баспасөз хатшы.

"Оларда бекіре тұқымдас 375 келі балық және ұзындығы 90 метр ау табылып тәркіленді. Келтірілген зиян мөлшері 2 млн теңгеден асады. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде", - деді Қожахметов.

Сонымен қатар, Батыстың ІІД қызметкерлері шараларды өткізу кезінде Жайсан станциясында құжатсыз жануарлар мен құстарды тасымалдамақшы болған Өзбекстан азаматын ұстады. "Белгілі болғанындай, қолға түскен азамат құстар мен жануарларды Мәскеудің базарында сатып алып, Өзбекстанға заңсыз тасымалдамақшы болған", -деп атап өтті Б. Қожахметов. Бүгінгі кезде бұл оқиғаға қатысты тексерулер жүргізілуде.

Баспасөз хатшының айтуынша, "Бекіре" шұғыл алдын алу шаралары кезінде Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысының ішкі істер қызметкерлері 56 заң бұзушылықты анықтады. Оның 19 - заңсыз балық аулау, 10 - сатып алу және сату, 27 - балықтарды тасымалдау деректерімен байланысты болды. Жалпы заң бұзған 69 адам қолға түсіріліп, 18 қылмыстық іс қозғалды. Заң бұзғандардан 29,6 тонна балық тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 4,9 млн теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны