25.01.2012, 11:37 3698

Қазақстанның кей аймақтарында қатты аяз болады

Атап айтқанда, Қызылорда, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел соғады деп күтілуде. Ақтөбе облысында кейбір жерлерде бұрқасын, желдің секундына 18 метрге дейін күшеюі күтілуде.

Астана. 25-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның кей аймақтарында қатты аяз болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 2012 жылдың 25 қаңтарында Қазақстанның басым бөлігі әлі де суық антициклонның ықпалында болады.

Атап айтқанда, Қызылорда, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел соғады деп күтілуде. Ақтөбе облысында кейбір жерлерде бұрқасын, желдің секундына 18 метрге дейін күшеюі күтілуде.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде тұман, күндіз желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтілуде. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші секундына 18-20 метрден 28 метрге дейін күшеюі сақталалады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында - кейбір жерлерде тұман түседі. Алматы облысында кейбір жерлерде өте қатты аяз сақталып отыр, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында да кейбір жерлерде қатты аяз сақталады.

Таяудағы тәуліктерде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының көптеген өзендерінде мұз қату үрдісі жалғасып, өзендердің арналары көтерілуі, соның салдарынан жекелеген өзендер арналарынан асып, су басу жағдайлары болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны