18.02.2011, 13:33 3683

Қазақстанның кейбір облыстарында боран мен көктайғақтың болуына байланысты бірқатар көлік жолдары жабылды

Қазақстанның кейбір облыстарында боран мен көктайғақ болуына байланысты бірқатар көлік жолдары жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 18 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның кейбір облыстарында боран мен көктайғақ болуына байланысты бірқатар көлік жолдары жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бұрқасынның салдарынан көліктің барлық түрлері үшін "Семей-Жаңаалтай" (02-113 шақырым аралығы), "Омбы-Майқапшағай" (754-860 шақырым), "Семей-Қайнар" (08-284 шақырым) мен "Өскемен-Семей" (50-198 шақырым) күре жолдары; көктайғаққа байланысты Астана қаласында "Астана-Көкшетау", Ақмола облысында "Щучинск-Астана" күре жолдары; молынан жауған қар аралас жаңбырдың салдарынан Павлодар облысында "Павлодар-Омбы" автожолы жабылған.

Сондай-ақ, ақтүтек бораннан көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты қоғамдық және жүк көліктеріне "Қарағанды-Павлодар" мен "Қарағанды-Астана" автожолдарына, көліктің барлық түрі үшін "Қарағанды-Жезқазған", "Қарағанды-Балқаш", "Қарағанды-Ботақара" тас жолдарына шығуға тыйым салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны