31.01.2012, 13:56 7896

Қазақстанның кейбір облыстарында күшті жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады

Қазақстанның көптеген өңірлерінде қатты аяздың беті бүгін де қайтпайды. "Қазгидромет" орталығының мамандары кейбір облыстарда күшті жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп ескертеді.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның кейбір облыстарында күшті жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Хабар" агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның көптеген өңірлерінде қатты аяздың беті бүгін де қайтпайды. "Қазгидромет" орталығының мамандары кейбір облыстарда күшті жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп ескертеді.

Табиғаттың қытымыр мінезіне байланысты еліміздің көптеген қалааралық және халықаралық жолдары толығымен жабылды. Аязды күні мерт болған адам туралы алғашқы ақпар да келіп түсті. Атырау облысының даласынан 21 жастағы азаматтың үсіп қалған денесі табылды.

Индер ауданының тұрғыны 29 қаңтар күні Өрлік ауылынан шығып 7 шақырым жердегі Жарсуат ауылына бет алған екен. Оның денесі кеше табылған. Ауа райына байланысты Астана қаласы мен Павлодар және Ақмола облыстарында мектептердегі сабақ толығымен тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны