05.09.2011, 10:11 2900

Қазақстанның кейбір облыстарында найзағайлы жаңбыр жауып, күшті жел соғуы мүмкін деп күтілуде

Оралда күн-күркіреп жауын жауып, секундына 18 метрге жететін жел соғады. Батыс-Қазақстанда ауаның температурасы күндіз 20-23 градус нөлден жоғарыны көрсететін болады.

Алматы. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның кейбір облыстарында найзағайлы жаңбыр жауып, күшті жел соғуы мүмкін деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның батыс аймақтарында дүйсенбі күні күн-күркіреп, екпінді желдің соғуына байланысты дауылды ескерту жасалуда. Бұл туралы "Қазгидромет" мемлекеттік метеоқызметі хабарлап отыр.

Атап айтқанда, Оралда күн-күркіреп жауын жауып, секундына 18 метрге жететін жел соғады. Батыс-Қазақстанда ауаның температурасы күндіз 20-23 градус нөлден жоғарыны көрсететін болады.

Синоптиктердің мәліметінше, Атырау облысында дүйсенбі күні күн-күркіреп, секундына 18 метрге жететін қатты жел және өткінші жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз 29-31 градус нөлден жоғарыны көрсететін болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде 34 градус ыстық болады. Облыс бойынша сондай-ақ күн-күнкіреп жауын жауады.

Астанада дүйсенбі күні ауа райы жауын-шашынсыз 30 градус ыстық болады, деп күтілуде. Аздап күн бұлттанып, жауын-шашынсыз болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны