09.09.2009, 13:06 3133

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Құрманбек Бакиевке сенім грамотасын тапсырды

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Құрманбек Бакиевке сенім грамотасын тапсырды

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бішкекте 8 қыркүйекте Қырғыз Республикасы президентінің резиденциясында Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев Қырғыз Республикасының президенті Құрманбек Бакиевке сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімнен кейінгі өзара ресми әңгіме кезінде Қырғыз Республикасының президенті мен Қазақстанның елшісі Қазақстан және Қырғызстан арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың даму келешегі туралы пікір алмасты.

Қырғыз Республикасының президенті Қ.Бакиев көршілес екі ел арасындағы бауырластық байланыстарға одақтас және стратегиялық қарым-қатынастар деген жоғары баға берді. Сонымен қатар ол Қазақстанның Қырғызстан үшін өңірдегі маңызды серіктес және сенімді дос екендігін айрықша атап өтіп, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты бұрынғыдан да жан-жақты және барлық салаларда жандандыру қажеттігіне тоқталды. "Бұл абыройлы істі жүзеге асыру үшін екі көршілес елдің плшіліктері алдына ерекше міндеттер қойылады", - деді Қырғызстан президенті.

Қазақстан елшісі Б.Исабаев өз кезегінде бауырлас екі ел арасында қалыптасқан дәстүрлі тығыз ынтымақтастықты бұдан әрі ілгерілету үшін бар күш-жігерін жұмсауға даяр екендігін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны