25.07.2007, 12:44 2701

Қазақстанның көптеген заңдарында ел парламенті бекіткен халықаралық конвенцияларға сәйкессіздіктер анықталды

АСТАНА. 25 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанның көптеген заңдарында ел парламенті бекіткен халықаралық конвенцияларға сәйкессіздіктер анықталды. Бұл туралы бүгін республика президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Сағынбек Тұрсынов журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Биыл ТМД елдерінің тарихында алғаш рет құқықтары жөніндегі комиссия адам құқықтарын қорғау бойынша базалық есеп дайындады. Оны дайындау жұмыстарының барысында Қазақстанда бар барлық заңдар мен заңдық ережелерге талдау жасалды, олардың басым бөлігінен бұрын парламент бекіткен халықаралық конвенцияларға сәйкессіздік анықталды", - деді С. Тұрсынов.

Оның түсініктемесіне сәйкес, үкімет бірқатар заң жобаларын "дәл осы себепке байланысты" парламенттен кері қайтарып алды. Комиссия төрағасының нақтылауынша, бұл жерде адамдардың өмірін, оралмандар мен балалар құқығын қорғауға қатысты заң жобалары жайында болып отыр. "Қазір олар сарапшылар комиссиясынан өтуде, ол тиісті өзгерістер енгізіп, жаңа парламенттің қарауына ұсынады", - деді С. Тұрсынов.

Сонымен бірге, оның айтуынша, адам құқықтары жөніндегі комиссияға "азаматтардың әділеттілікке қол жеткізуі мен сот шешімдеріне қатысты көптеген шағымдар түседі". "Өткен жылы осындай мыңдаған шағым түсті, соның ішінде 37% одан әрі дұрыс шешімін тапты. Ағымдағы жылдың жеті айында бізге алдағы жылдардың осы мерзімімен салыстырғанда артық шағым келіп түсті",- деді С. Тұрсынов.

Бүгінгі таңда президенттің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссиясы БҰҰ-ның босқандар істері жөніндегі комиссиясының аймақтық өкілдігімен бірлесіп босқындар жөніндегі заң жобасына жаңа ұсыныстар дайындауда, заң жобасы қазір үкіметтің қарауында жатыр. "Жуырда бұл заң жобасы министрліктер мен мекемелерде талқыланып, сосын парламентке енгізіледі", - деді С. Тұрсынов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны