07.12.2015, 20:08 4435

Қазақстанныӊ құс өсірушілер одағы жұмыртқа бағасына қатысты түсініктіме таратты

Соӊғы уақыттары Қазақстанныӊ құс өсірушілер одағыныӊ атына жұмыртқа бағасыныӊ қымбаттауына байланысты сұрақтар көптеп түсуде. Осыған орай, Құс өсірушілер одағы баға саясатына жұмыртқаныӊ маусымдық өнімділігі әсер етіп отырғанын алға тартады.

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Соӊғы уақыттары Қазақстанныӊ құс өсірушілер одағыныӊ атына жұмыртқа бағасыныӊ қымбаттауына байланысты сұрақтар көптеп түсуде. Осыған орай, Құс өсірушілер одағы баға саясатына жұмыртқаныӊ маусымдық өнімділігі әсер етіп отырғанын алға тартады. Бұл туралы одақтыӊ баспасөз қызметінен хабарланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Құс өсірушілер бұл ретте жазғы маусымдарда құс фабрикаларыныӊ өніміне бағаныӊ 6-8 теӊгеден аспайтынын алға тартады. Ал күзгі-қысқы мерзім аралығында өткізу бағасы 17-20 теӊгені құрайды. Салыстырмалы түрде алғанда ағымдағы кезеӊ бойынша 2014 жылдыӊ өткізу бағасы 15-16 теӊгені құраған. Бұдан бөлек, таратылған мәліметтерге қарағанда бүгінгі таӊда 1 жұмыртқаныӊ өзіндік бағасы - 13 теӊгеден асады. Ал өнімніӊ өзіндік құны еӊ бірінші кезекте 40 пайызына дейін әсер ететін жем бағасына тәуелді. Айта кетерлігі, соӊғы екі ай ішінде елімізде жем бағасы екі есеге дейін көтерілген, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Егер қазан айында күнбағыс шротын келісіне 42 теӊгеден алсақ, қараша айында 78 теӊге болды. Ал соя шроты келісіне 93 теӊгеден 138 теӊгеге көтерілді. Басқа ауыл шаруашылығы дақылдарымен қатар жемніӊ негізі болып табылатын құрама жем жұмыртқаныӊ өзіндік құнына 50 пайызға әсер етеді. Бұныӊ өзі соӊғы уақытта айтарлықтай қымбаттады, егер 4 сұрыпты бидайды біз 26 мыӊ теӊгеге алып келсек, қазір 36 мыӊ теӊгеге артты", - деп түсіндіреді бағаға қатысты сауалдарға "Үш Бұлақ 2005" ЖШС директоры Диас Исанов.

Бұл ретте құс өсірушілер монополияға қарсы комитет тарапынан бағаныӊ қатаӊ бақылау жағдайында өмір сүрып жатқанын, сәл ғана көтерудіӊ өзі үлкен айыппүлға соқтыратынын алға тартады. Сонымен қатар, қазір еліміздегі барлық құс фабрикаларына тергеулер жүргізіліп жатқан көрінеді. Ал кейбір құс шаруашылықтарына 30 млн. теӊгеден астам айыппұл санкциялары салынған.

"Құс фабрикалары жұмыртқаны әр данасын 18 теӊгеден шығарады, ал супермаркеттерде біз он данасыныӊ 350-400 теӊгеге сатылып жатқанын көріп отырмыз. Сонда Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті тек құс шаруашылығы субъектілерін қадағалап, саланыӊ дамуына еш мүмкіндік бермей отырған жоқ па? Сонымен қатар, бөлшек саудада азық-түлік бағасын өндіруші ғана емес, сатушылар да қалыптастыратыны белгілі ғой. Бұл жерде, баға саясатын сауда желілері айқындап отыр. Сондықтан да, жұмыртқа бағасына қатысты сұрақтардыӊ барлығын сол жаққа жолдасақ екен, мүмкін олар жұмыртқа бағасына маусымдық құбылыстарға қатысты жағдайды түсіндірер", - дейді Қазақстан Құс өсірушілер одағыныӊ президенті Руслан Шарипов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны