26.01.2016, 20:03 4233

Қазақстанныӊ медициналық оқу орындарында 1 қыркүйектен бастап жалпы практикалық дәрігерлерді дайындаудағы педиатрия бойынша сағаттар саны ұлғайтылады

"Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жалпы практикалық дәрігерлердіӊ (әрі қарай - ЖПД) базалық дайындау бағдарламасын қайта қарап, нәтижесінде педиатрия бағытындағы дисциплинаныӊ сағаттар саны 40-50%-ға ұлғайтылды. Өзгертілген білім беру бағдарламалары ағымдағы жылдыӊ 1 қыркүйегінен бастап енгізілмек

Астана. 26 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жалпы практикалық дәрігерлердіӊ (әрі қарай - ЖПД) базалық дайындау бағдарламасын қайта қарап, нәтижесінде педиатрия бағытындағы дисциплинаныӊ сағаттар саны 40-50%-ға ұлғайтылды. Өзгертілген білім беру бағдарламалары ағымдағы жылдыӊ 1 қыркүйегінен бастап енгізілмек, деп мекеме хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ҚР ДСИДМ-де амбулаторлық-емханалық қызмет дәрігерлерін дайындаудыӊ сапасын арттыру мақсатында жалпы дәрігерлік практикадағы міндетті резидентураны енгізу мәселесі қарастырылуда",-делінген хабарламада, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Бүгінде Қазақстанда 3,5 мыӊ ЖПД (қайта бағдарланған учаскелік педиатрлар үлесі - 36%, учаскелік терапевтер - 35%) жұмыс істейді. Республикада қазіргі таӊда жалпы практикалық дәрігер 2 мыӊнан астам адамға қызмет көрсетіп келеді. Азаматтар өз еркімен тіркеле алады.

Айта кету керек, ЖПД қызметін енгізу өзге қызметтердіӊ, мәселен, педиатрлық, терапевтік, хирургиялық және т.б. салаларыныӊ жабылуына әкелген жоқ. Өзгерту шаралары ЖПД жұмыс істейтін амбулаторлық-емханалық көмек деӊгейіндегі медициналық көмек көрсету ұйымдарына қатысты болды.

Жалпы практикалық дәрігер педиатрия, терапия, хирургия, акушерлік және гинекология салаларындағы, сонымен қатар, офтальмология, оториноларингология, неврология, дерматология, кардиология сынды аралас мамандықтар бойынша базалық білім мен дағдыныӊ негіздерін білуі тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны