01.02.2008, 16:37 2223

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ақтөбеде жұмыс сапармен жүр

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ақтөбеде жұмыс сапармен жүр

Ақтөбе. 1-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев жұмыс сапармен Ақтөбеде жүр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Икімнің баспасөз хатшысы Валентина Ускованың хабарлауынша, мемлекеттік хатшы тәуліктің бірінші жартысында Ақтөбе облысының Хобда ауданына, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Илия Молдағұлованың туған жеріне барып, оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Ол сонда -ақ аудандық отаншылдыққа тәрбиелеу орталығының, жергілікті білім ошақтары мен денсаулық сақтау орындарының жұмысымен танысты.

Қанат Саудабаев тәуліктің екінші жартысын облыс орталығында өткізеді. Ол онда салынып жатқан мұсылмандардың орталық мешітіне, қалалық сурет лицейіне, "Атамекен-нан" ЖШС нан зауытына, сонымен қатар Сақтаған Байшевтің атындағы облыстық универсалдық кітапханаға барып қайтпақ. Мемлекеттік хатшы тәулік соңында жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жезқазған форумында қойған мақсат, міндеттерімен таныстырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны