14.09.2007, 17:12 3438

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Павлодар мемлекеттік университетіне барып, студенттерге лекция оқыды

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Павлодар мемлекеттік университетіне барып, студенттерге лекция оқыды.

ПАВЛОДАР. 14 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев өзінің мемлекеттік хатшы ретіндегі бірінші жұмыс сапары аясында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне барып қайтты. Ол студенттерге оқыған лекциясында жастарды президенттің тілдердің үш тұғырлығы идеясын қолдап, тілдерді белсенді үйренуге шақырды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Мен біздің жастарымыздың үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін сапалы игеру үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға шақырамын",- деді Қанат Саудабаев С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттеріне оқыған лекциясы кезінде. Ол, сондай-ақ "сіздер президенттің идеясын іс жүзінде жүзеге асырасыздар", деп қосты. "Қазақ тілін Қазақстанның азаматы мемлекеттік тіл ретінде, көп ғасырлық халық даналығын, тарихы мен мәдениет сақтаушы және тасымалдаушы ретінде игеруге тиіс. Орыс тілі Конституцияға сәйкес, ұлтаралық қатынасты қамтамасыз етіп қана қоймай, бай мәдениет пен ғылымның кілті болып табылады. Ал ағылшын тілі - бұл дүниежүзілік бизнес медиумы мен ғаламдық экономиканы біріктіру, сондықтан да сіздер оны қатал әлемдік бәсекелестік барысында игерулеріңіз қажет",- деп атап көрсетті мемлекеттік хатшы.

Мемлекеттік хатшы студенттерге Қазақстанның қалыптасу тарихы мен өзінің республиканың одан әрі дамуын қалай елестететіндігі туралы айтып берді. "Соңғы 5 жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 80 пайызға өскен, Қазақстан 60 млрд АҚШ доллары көлемінде сыртқы инвестиция тартқан. Және де экономиканы дамытуда өзі 80 млрд АҚШ долларынан астам қаржы салған".

Ол, қазірде ел алдында дүниежүзінің бәсекелестікке қабілетті елу елінің қатарына кіру жөніндегі үлкен жоспары тұрғандығын студенттердің есіне сала кетті.

Лекцияға Павлодар ұлттық университетінің әртүрлі факультеттерінің 470 студенті қатысты.

Бұрын хабарлағанымыздай, мемлекеттік хатшы Павлодарға кеше кешке келген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны