17.07.2012, 11:19 2618

Қазақстанның монополияға қарсы агенттігі интернет бағасын төмендетуі мүмкін

Бұл туралы ведомство басшысы Ғабидолла Ибдірахымов ҚР Президентінің "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты бағдарламасын талқылауға арналған селекторлық отырыста мәлім етті.

Астана. 17-шілде. Kazakhstan Today - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі елдегі интернет қызметінің бағаларын зерттеп, оны төмендету мүмкіндіктерін қарастырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ведомство басшысы Ғабидолла Ибдірахымов ҚР Президентінің "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты бағдарламасын талқылауға арналған селекторлық отырыста мәлім етті.

"Мемлекет басшысы қазақстандық қоғамның ақпараттық құрауыш өмірін арттыру, азаматтарды ақпараттандыру мәселелерінде де, мемлекет пен халықтың тұрақты "кері байланысын" нығайтуда да интернет-технологияның мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі міндеттерді қойды. Оны іске асыру мақсатында агенттік төрағасы интернет қызметіне бағаны зерделеу және оны төмендету мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ кіруге шектеу қою фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстарды жүргізуді тапсырды", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны