20.08.2008, 17:14 3081

Қазақстанның мүгедектер конфедерациясы жол қозғалысы ережесінің басты қағидаларын қайта қарау қажеттігі жөнінде премьер-министрге үндеу жолдады

Қазақстанның мүгедектер конфедерациясы жол қозғалысы ережесінің басты қағидаларын қайта қарау қажеттігі жөнінде премьер-министрге үндеу жолдады

Астана. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның мүгедектер конфедерациясы ҚР-ның Жол қозғалысы ережесінің басты қағидаларын қайта қарау қажеттігі жөнінде премьер-министрге үндеу жолдады. Бұл туралы бүгін мүгедектердің қоғаммен ықпалдасу проблемасы туралы баспасөз мәслихатының барысында "Республикалық "Ақорда" қозғалысы" қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Зүлфия Төлеубаева мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Атап айтар болсақ, біз қоғамда жеке көлігін жүргізетін мүгедек азаматтардың бар екендігін ескеруді және мүгедектігі бар, атап айтқанда, омыртқа қызметінің бұзылуына байланысты жарымжан болған жүргізушілер үшін терезеге жапсырылатын перде мен қауіпсіздік белдігіне қатысты кейбір қағидаларды өзгерту түрінде ҚР жол қозғалысы ережесінің басты қағидаларына толықтырулар енгізуді өтінеміз", - деп хабарлады З. Төлеубаева. Оның айтуынша,бұл санаттағы жүргізушілер үшін алдыңғы терезенің пердемен қапталуы денсаулық жағдайына байланысты қажет. Өйткені, қала көшелерінде тиісті техникалық жағдайлар, атап айтқанда, қоғамдық дәретхана, ыңғайлы пандус немесе мүгедектігі бар азаматтардың қолайлы қозғалысы үшін басқа да техникалық немесе архитектуралық ғимараттар жоқ.

"Бұл мәселені біз ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанындағы мүгедектер проблемасы жөніндегі үйлестіру кеңесінде талқылағанбыз. Содан кейін ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың атына хат жолданған. Алайда, мәселе әлі де шешілген жоқ", - деді З. Төлеубаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны