24.01.2008, 18:43 2877

Қазақстанның мұнайгаз кешенінде шетелдік және жергілікті жұмысшылардың жалақы деңгейіндегі айырмашылық сақталуда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанның мұнайгаз кешенінде шетелдік және жергілікті жұмысшылардың жалақы деңгейіндегі айырмашылық сақталуда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Астана. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның мұнайгаз кешенінде шетелдік және жергілікті жұмысшылардың жалақы деңгейіндегі айырмашылық сақталуда. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев бүгін өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарладйы "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

"Қазақстанның мұнайгаз кешенінде шетелдік және жергілікті жұмысшылардың жалақы деңгейіндегі 5-10 есе айырмашылық сақталуда",-деді Б.Сапарбаев.

Мәселен, оның айтуынша, "Поиск нефти и газа" ЖШС-інде шетелдік жұмысшының жалақысы 2,5 мың АҚШ долларын құраса, жергілікті жұмысшы дәл осындай жұмысы үшін 400 АҚШ доллары көлемінде жалақы алады. "Жеңіл және азық-түлік өнеркәсібіндегі кейбір кәсіпорындарда да жағдай осындай", - деді министр.

Б. Сапарбаевтың пікірінше, "елімізде сонымен бірге жұмыс берушілер, әсіресе, құрылыс саласында ішкі еңбек нарығындағы жауапкершілікті түпкілікті бағамдай алмай отыр". "Исіресе, шетелдердің қатысуымен құрылған компанияларда жергілікті жұмысшыларға әсіре жоғары талап қою және қасақана кедергілер ойлап табу жайттары бар", - деді министр.

Бұған қоса Б. Сапарбаевтың айтуынша, елімізде өндірістік жарақат алу, соның ішінде өлімге душар болу деңгейі жоғары күйінде қалып отыр. Мәселен, министрліктің мәліметінше, оқыс оқиғалардың ең көп бөлігі тау-кен-металлургиясы (26%) мен құрылыс (20%) саласында кездеседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны