22.01.2014, 19:13 10502

Қазақстанның олимпиада құрамасын қолдау мақсатындағы "БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!" жалпы республикалық акциясы басталды

2014 жылдың 25 қаңтарында қысқы олимпиада қарсаңында қазақ елінің спортшыларын қолдап, олардың алдағы спорттық бәсекесіне ақ жол тілеу мақсатында Назарбаев орталығы "БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!" жалпы республикалық акциясын бастайды, деп Назарбаев орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 22 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылдың 25 қаңтарында қысқы олимпиада қарсаңында қазақ елінің спортшыларын қолдап, олардың алдағы спорттық бәсекесіне ақ жол тілеу мақсатында Назарбаев орталығы "БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!" жалпы республикалық акциясын бастайды, деп Назарбаев орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

"Біздің спортшыларымыз стадионға жүздеген болашақ чемпионның келуіне үлгі болады. Илемдік спорттағы жетістіктер - мемлекеттің мүмкіндігінің ең жарқын көрінісі. XXI ғасырда тек күшті және денсаулығы мықты ұлт қана бәсекеге қабілетті болады.Біздің спортшыларымыздың табыстары - саламатты өмір салтының көрнекті насихаты. Егер әрбір қазақстандық біздің олимпиадашыларымыз қол жеткізген мақсатқа ұмтылатын болса, онда Қазақстан міндетті түрде алдыңғы қатарлы елге айналады!", - делінген хабарламада.

"БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!" шарасының бағдарламасында бірнеше қысқы спорт түрлерінен жарыс қарастырылған. Назарбаев орталығы мен Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің және Көлік және коммуникация колледжі мұғалімдері мен оқушылары жекелей сында шаңғы жарысы және топтық шаңғы эстафетасында, допты хоккейде және басқа қысқы ойындарында кім мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, қазақстанның олимпиада құрамасын қолдау үшін ұйымдастырылған "БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!" спорттық қозғалысын еліміздің барлық облысы құптап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны