05.05.2010, 13:36 9962

Қазақстанның өнеркәсіп орындарына қоршаған ортаны ластау мәліметтерін жариялап отыру міндеттеледі

Қазақстанның өнеркәсіп орындарына қоршаған ортаны ластау мәліметтерін жариялап отыру міндеттеледі

Астана. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның өнеркәсіп орындарына келесі жылдан бастап қоршаған ортаны ластау мәліметтерін ашық жариялап отыруды міндеттеу жоспарлануда. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жылдың аяғында үкіметке шығарындылар регистрі және ластаушыларды көшіру регистрі туралы хаттаманы ратификациялау туралы ұсыныспен шаққалы отыр. Бұл туралы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің халықаралық қоршаған ортаны қорғаудың экологиялық стандарттарын енгізу департаменті директорының міндетін атқарушы Диана Мұқанова журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Д. Мұқанованың айтуынша, шығарындылар регистрі және ластаушыларды көшіру регистрі туралы хаттаманың басты талаптары кәсіпорындардың "барлық шығарындылар туралы ақпаратты, біртұтас регистрдегі әрбір зат бойынша біртұтас мәліметтер базасын" жариялап отыру міндеттемесіне саяды.

"Кәсіпорынның жұмысынан туындайтын осынау ластаулар барлық азаматтарға, еліміздегі үкіметтік емес ұйымдарға түсінікті әрі айқын болмақ, соған қарап кәсіпорындардың барлық шығарындыларын қадағалап отыру, сондай-ақ, олардың залал-зардаптарға ұшырату мүмкіндігінің алдын алуға жағдай туады", - деді департамент директоры.

"Барлық қоғамдық ұйымдар, халықаралық ұйымдар мен еліміздің азаматтары кәсіпорынның шығарындылары туралы барлық ақпаратқа қол жеткізе алады. Азаматтар экологиялық мәселелердің шешімін табуға атсалыса алады. Сол арқылы өздерінің экологиялық құқықтарын қорғау үішн әділеттілік жүйесіне шығады", - деді ол.

Қазақстанның аталған хаттаманы ратификациялау мерзіміне тоқталған Д. Мұқанованың хабарлауынша, "биыл министрлік барлық дайындық кезеңінен өтпек ниетте".

"Басты мәселе - бүгінгі күні елімізде бар нормаларды реттеуге, оларды хаттаманың нормаларымен сәйкестендіруге, және бұл мәселені ҚР Сыртқы істер министрлігінің арнаулы сарапшылар комиссиясына шығаруға келіп тіреледі. Біз жылдың аяғына таман үкіметке нақты ұсыныспен шығуды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны