29.05.2012, 16:17 3102

Қазақстанның онкологиялық қызметті дамытуда Орталық Азия елдері арасында көшбасшысы атануға мүмкіндігі зор

ҚР-ның онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы әлем бойынша көп таралған аурулар тізімінде екінші орынды алып отырған онкологиялық ауруларға қатысты мәселелерді шешуге бағытталған, деп мәлім етті Питтсбург Университеті (АҚШ) онкологиялық орталықтарының президенті Чарльз Эдвард Богоста ҚР Үкіметінің отырысында.

Астана. 29-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанның онкологиялық қызметті дамытуда Орталық Азия елдері арасында көшбасшысы атануға мүмкіндігі зор, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР-ның онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы әлем бойынша көп таралған аурулар тізімінде екінші орынды алып отырған онкологиялық ауруларға қатысты мәселелерді шешуге бағытталған, деп мәлім етті Питтсбург Университеті (АҚШ) онкологиялық орталықтарының президенті Чарльз Эдвард Богоста ҚР Үкіметінің отырысында.

Питтсбург Университеті онкологиялық орталықтарының президенті Чарльз Эдвард Богоста өз сөзінде онкологиялық орталықтардың қызметіндегі басым бағыттар туралы айта отырып, онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы жеке пікірін білдірді.

"Менің ойымша, бұл өте маңызды құжат. Аталмыш Бағдарлама әлем бойынша ең көп кездесетін аурулар тізіміндегі екінші орынды алатын онкологиялық ауруларға қатысты мәселелерді шешуге бағытталған", - деп атап өтті ол.

Оның ақпаратына сүйенсек, қазіргі таңда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім саны бойынша Қазақстан АҚШ-тан асып түседі. Алайда, онкологиялық орталықтар басшысының айтуынша, ауруды ертеден анықтау жүйесін енгізу арқылы бұл көрсеткіш төмендейтін болады.

"Астанада онкологиялық орталық ашу халықтың скрининигтік тексеруден өтіп, емделуін қамтамасыз етудің таптырмас жолы", - дейді Ч.Богоста.

"Болашақта онкологиялық ауруларды емдеу бағдарламасы көбінде паллиативті көмекке негізделетін болады. Бұл ретте сіздерде алға қарай үлкен қадам жасап, паллиативті медициналық көмекті дамыту арқылы Орталық Азия елдерінен озуға мүмкіндік туады", - деп атап өтті.

Чарльз Эдвард Богоста сондай-ақ Питтсбург Университетінің онкологиялық орталықтары медбикелер мен дәрігерлер даярлау саласында Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін де атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны