03.03.2011, 13:30 3953

Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында қар жауып, тұман түседі

Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында қар жауып, тұман түседі. Сондай-ақ, желдің екпіні күшейе түспек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 3 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында қар жауып, тұман түседі. Сондай-ақ, желдің екпіні күшейе түспек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Қазақстанның басым аумағында антициклонның ықпалы сақталады.

Республиканың шеткері оңтүстігі мен шығысы атмосфералық ағымдардың әсерінде болып, мұнда кей жерлерде жауын-шашындар, тұман, ұйытқыма жел, шығыста аздап қар мен жаяу бұрқасын күтілуде.

Атап айтқанда, Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан секундына 18-23 метр жылдамдықта жел соғады, оның екпіні кей уақыттары 28-ге жетеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман, 15-20 м/с екпінде жел күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде - жаяу бұрқасын жүріп, 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының жекелеген жерлерінде тұман, Маңғыстау облысында - тұман мен көктайғақ болады деген болжам жасалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны