07.08.2015, 18:08 3694

Қазақстанныӊ оӊтүстігінде инженерлік-саперлер роталарыныӊ ауқымды жиыны өрістетілді

Қазақстан Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты әскери бөлімдердіӊ инженерлік-саперлер роталарыныӊ 400-ден астам әскери қызметшісі, саны 100 бірлікті құрайтын қару-жарақ пен әскери техника "Берег" полигонында далалық жиынға қатысу үшін жиналды. Жиын бір ай мерзімге созылады. Осы уақыт аралығында әскери қызметшілер далалық жағдайда әскери оқу-жаттығудыӊ кәсіби тапсырмаларын орындауды өткізеді

Астана. 7 Тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты әскери бөлімдердіӊ инженерлік-саперлер роталарыныӊ 400-ден астам әскери қызметшісі, саны 100 бірлікті құрайтын қару-жарақ пен әскери техника "Берег" полигонында далалық жиынға қатысу үшін жиналды. Жиын бір ай мерзімге созылады. Осы уақыт аралығында әскери қызметшілер далалық жағдайда әскери оқу-жаттығудыӊ кәсіби тапсырмаларын орындауды өткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Полигонда инженерлер және саперлер шартты қарсыластыӊ орналасуы мүмкін жерлерді зерттеуді және жарылғыш заттарды іздестіруді жүргізеді, миналық-жарылғыш бөгеттер мен су тоғаны арқылы 60 тоннаға дейін жүк көтеретін техниканы өткізуге арналған ауыр механикаландырылған көпірлер тұрғызады, өзендер мен көлдерде су миналарыныӊ бар-жоғын зерделейді.

Осындай далалық жиындар жауынгерлердіӊ далалық машықтанған дағдысын арттыруға, жауынгерлік әзірлік қарқынын өсіруге, инженерлік-саперлер бөлімшелері мен есеп-топтарыныӊ өзара іс-қимылдарын нақты нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Роталар мен взводтар командирлері үшін штаттық техниканы кеӊінен қолдану арқылы жүктелген міндеттер өздерініӊ практикалық дағдыларын жетілдірудегі тамаша мүмкіндік болып саналады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны