11.03.2011, 13:01 3550

Қазақстанның оңтүстігінде қар жауып, тұман түседі, көк тайғақ болып, боран соғады деп күтілуде

Қазақстанның оңтүстігінде қар жауып, тұман түседі, көк тайғақ болып, боран соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасай отырып.

Алматы. 11 - наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстігінде қар жауып, тұман түседі, көк тайғақ болып, боран соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 11 наурыз күні Қазақстанның солтүстік бөлігінің ауа райын антициклон анықтайды, мұнда ауа райы жауын-шашынсыз, аязды болады.

Ал республиканың оңтүстік бөлігі атмосфералық ағымдардың ықпалында болады, олардың әсерімен мұнда жауындар, тұман, көктайғақ, бұрқасын мен күшті желдер болады деп күтілуде.

Атап айтқанда, бүгін Солтүстік Қазақстан, түнде Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының жекелеген жерлерін тұман басады.

Алматы мен Қызылорда облыстарының кей аумақтарында көктайғақ, 15-20 м/с-қа дейінгі күшті желдер күтілуде.

Жамбыл облысының кей өңірлерінде тұман, көктайғақ және 15-20 м/с екпіндегі күшті желдер болжануда.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел тұрады, оның күші секундына 15-20 метрді құрайды.

Маңғыстау облысында тұман, көктайғақ болады, 15-20 м/с қашықтықта жел соғады.

Атырау облысының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады, күндіз - көктайғақ пен тұман күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарында бұрқасындатып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны