03.09.2007, 12:11 1491

Қазақстанның оңтүстігінде суға батып кеткен шекарашыны іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Келес өзеніне қызметтік парызын атқарып жүріп суға батып кеткен шекарашыны іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. ШЫМКЕНТ. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Келес өзеніне қызметтік парызын атқарып жүріп суға батып кеткен шекарашыны іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" аймақтық басқармасы қолбасшысының орынбасары Эрик Росляков хабарлады.

"Іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасуда, оған жүздей адам тартылған", - деді қолбасшының орынбасары. "Кеше алты сүңгуір жұмыс істеді", - деді ол.

Э. Росляковтың айтуынша, қайғылы оқиға болған Келес өзенінің түбінде иірімдер мен жыралар көп. "Бірақ біз іздестіруді одан әрі жалғастыра беретін боламыз", - деп сендірді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 31 тамызда қазақ-өзбек шекарасында өзенмен контрабандалық жүк алып өтуге әрекет жасаған заң бұзушыларды ұстайтын сәтте қатардағы жауынгер Ерлан Ниязов ерлікпен қаза тапты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны