22.01.2010, 09:18 1892

Қазақстанның оңтүстік облыстарында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде

Қазақстанның оңтүстік облыстарында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде

Астана. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстік облыстарында бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 22-қаңтарда суық антициклон Қазақстанның дерлік барлық аумағындағы ауа райына өзінің ықпалын сақтайды,

тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн бұлттанып, қар жауады.

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, "Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, 15-22 м/с жылдамдықта жел тұрады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, желдің екпіні 17-22 м/с, түнде және күндіз тұман болады".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қызылорда және Маңғыстау облыстарының кей аумақтарында бұрқасындатып, секундына 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Атырау облысының кей жерлерінде де 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде, секундына 17-22 метр жылдамдықпен соққан желдің екпіні 25 метрге дейін жетуі ықтимал".

ТЖМ хабарлауынша, "Алматы облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ, секундына 18-23 мерт жылдамдықта жел тұрады. Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан секундына 22-27 метр жылдамдықпен соққан желдің екпіні 30 метрге дейін жетуі мүмкін".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны