22.02.2011, 13:38 3643

Қазақстанның оңтүстік облыстарында қар жауып, тұман түсіп, көк тайғақ болады

Қазақстанның оңтүстік облыстарында қар жауып, тұман түсіп, көк тайғақ болады , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 22 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстік облыстарында қар жауып, тұман түсіп, көк тайғақ болады , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін, 22 ақпан күні Қазақстанның басым аумағына суық антициклонның ықпалы сақталады.

Республиканың оңтүстік өңірлері белсенді ағымдар аймағында болып, мұнда қар, тұман және көктайғақ болады деп күтілуде.

Атап айтқанда, Алматы мен Жамбыл облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел соғады. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде - көктайғақ, секундына 15-20, кей уақыттары 23 метрге дейін жел соғады. Таулы аумақтарда бұрқасындатады.

Маңғыстау облысында жекелеген аумақтарда бұрқасын, көктайғақ болжануда. Қызылорда облысында тұман, 15-20 м/с екпінде жел соғады. Қарағанды облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 метрді құрайды.

Павлодар, түнде Қостанай облыстарында тұман болады деп күтілуде. Ал Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында түнде кейбір өңірлерде 32-37 градусқа дейінгі қатты аяздар сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны